Қоғам

Қызыл жалын қарияның өмірін қиды

Қызыл жалын қарияның өмірін қиды! 16-шы желтоқсан күні Ғ.Мүсірепов ауданындағы Гаршино ауылында жер үй өртенді. 112 нөміріне тілсіз жау жайлы хабар таң ата түскен. Оқиға орнына жергілікті өртке қарсы ерікті құрылым өкілдері мен 8 өрт сөндіруші және 3 техника келген. От 6-дан 3 минут кеткенде ауыздықталды. Өкінішке қарай, мамандар баспанадан 84 жастағы әйел адамның денесін тапты. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр.