Петропавлдағы №4 орта мектепте волейболдан “Достық” қайырымдылық турнирі өтті. Мектеп басшылығы ұйымдастырған жарысқа білім ұясының 9-11 сынып оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар және тағы да басқа командалар қатысты. Тәуелсіздік күніне орай өткен сайыста жалпы 6 құрама бақ сынады. Талап бойынша олардың әрбірі додаға түсу үшін ақшалай аударым жасады. Жеңімпаз – әуесқойлардан құралған “Думан и К” командасы. Жеңіс тұғырынан көрінгендерге марапаттар табысталды. Жиналған қаржы жақын арада пайдаға жаратылады. Қаражатқа 4-ші мектепте оқитын жағдайы төмен отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларына сыйлықтар сатып алынбақ.