Тәуелсіздік күні туғандар! Еліміз үшін аса маңызды мерекеде Солтүстік Қазақстан облысында 11 нәресте дүние есігін ашты. Сәбилердің барлығы Петропавлдағы перинаталдық орталықта өмірге келді. Шақалақтардың 7-еуі – ер бала. Кеше бірінші болып туған шекесі торсықтай тізгінұстар түнгі 1-ден 15 минут кеткенде жарық әлеммен қауышты. Ал араға 5 минут салып сүйкімді сұлу шыр етті. Айта кетейік, бүгінде перзентханада пансионат жұмыс істейді. Арнайы бөлімге ай-күні жақындаған шалғай ауылдардағы жүкті әйелдер ертерек келіп, мамандардың жіті бақылауында болады.