Петропавлда “VM GYM” спорт желісінің алғашқы жаттығу залы 2023 жылдың 16-шы желтоқсанында іске қосылды. Ашылғанына 2 жыл толуына орай дене шынықтыру орталығында пауэрлифтингтен ашық қала чемпионаты өтті. Білектілер жарысында 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
СЕРГЕЙ БОЛДЫРЬ, пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері, жарыстың бас төрешісі:
— Облыста пауэрлифтинг жыл артқан сайын қарқынды дамып келеді. Айналысамын дейтін жандардың саны ұлғаюда. Оның басым бөлігі жастар екені қуантады. Соңғы жылдары республика көлеміндегі нәтижеміз де жақсарды. Қалалық додада жеңімпаз атанғандар Шымкентте өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.
Чемпионат барысында 40-тан астам адам “VM GYM” желісінің директоры Мария Верховыхтың кубогына таласты. Ерлер – 6, әйелдер 4 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Нәзікжанды – пауэрлифтингтен әлем чемпионы. Бірнеше мәрте республикалық додаларда жеңімпаз атанған. Ерік пен жігер сыналатын сайысқа қатысушы спортшылардың шеберліктеріне қарап, көз қуанады.
— Жарысқа ұзақ дайындалдым. Бірінші мүмкіндігімді ұтымды пайдаланып, 40 келілік зілтемірді көтердім. Қатты қобалжыдым, қиынға соқты. Себебі, мұндай сайысқа алғаш рет қатысып отырмын.
— Жарыста көрсеткен өнеріме көңілім толды. Өз салмағымда екінші орын иелендім. Алда жоспар көп. Байрақты бәсекелерге қатысқым келеді.
— Пауэрлифтингтен спорт шеберлігіне үміткермін. Жарысқа бір ай бойы дайындалдым. 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Қуанышқа орай, бүгін өз рекордымды жаңарттым.
Сымбатты болғыңыз келсе, “VM GYM” фитнес залына барыңыз! Петропавлда спорт желісінің 4 нүктесі бар. Иога, фитнес-паур, фитотерапия. Одан қалды, ақылды жаттығу мен спа шаралары қарастырылған. Бір сөзбен айтсақ, заманауи дүниелермен жабдықталған орталықтың салауатты өмір салтын ұстанушы жанға ұсынары көп әрі білікті мамандардан кеңес алуға болады.
МАРИЯ ВЕРХОВЫХ, “VM GYM” спорт желісінің директоры:
— күндік абонементтің бағасы 9 мың теңге тұрады. Ал егер тұрғындар мақсат қойып, салмақ тастау үшін келсе, онымен тек бір жаттықтырушы жұмыс істейді. Қызмет құны 30 мыңнан басталады. Залда және үйде мамандар айтқан талапты орындасаңыз, бір айдың ішінде нәтиже байқалады.
Жарысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар “Спорт шебері” және “Спорт шеберлігіне үміткер” атағына ие болды. Айта кету керек, бүгінде “VM GYM” спорт залдарында 2 мыңнан астам адам шынығады. Фитнес залдары таңғы 7-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Нұрасыл Ахмет