СҚО әкімдігі

Петропавл қаласының әкімі тұрғындармен кездесті

Халықтың мұң-мұқтажы тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Облыстық кітапханада Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындармен кездесті. Шараға келген қарашаның басым бөлігін тұрғын үй мәселесі толғандырады. 50 жылдан бері Заречный кентінде тұрып жатқан Галина Дмитриевна жұрт қатарлы жаңа баспана алғысы келеді. Бірақ, қызы Петропавлдағы үйін кейуананың атына жазған. Сол себепті ол пәтерге қол жеткізе алмай жүр.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

— Сіздің жағдайыңызды түсініп отырмын. Бірақ, біз заңнан аттап өте алмаймыз. Қызыңызбен сөйлесіп, үйді басқа бір адамның атына ауыстырыңыз. Қазіргі таңда 72 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тағы бір 117 пәтерлі баспана тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Айтқанымызды орындасаңыз сізге осылардың біреуінен су жаңа үйдің кілтін табыстаймыз.

Мейрамгүл Бақбергенованың оңтүстіктен Петропавлға биыл ғана қоныс аударған. Кәмелетке толмаған екі баласы бар. Ол қала әкіміне мына мәселелерімен келген.

МЕЙРАМГҮЛ БАҚБЕРГЕНОВА, қала тұрғыны:

— Петропавлға келгелі жалақысы жақсы жұмыс таппадым. Шаһарда ешкімді танымаймын. Несиеге үй алайын десем кепіл болатын адам да жоқ.

Мейрамгүл Бақбергенова жоғары білім бар. “Есепші” мамандығына оқыған. Қала әкімі орынбасарларына нәзікжандыға жұмыс тауып беруді тапсырды.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

— Екінші мәселеңіз бойынша біз сізге көмектесе алмаймыз. Танымайтын адам қалай кепіл бола алады? Бұл өмірде бәрі де болуы мүмкін. Егер сіз бір келеңсіз жағдайға тап болсаңыз, қарызды ол қалай төлейді?

Тұрғындар қала әкімінен бөлек, орынбасарлары мен бөлім басшыларына өз сұрақтарын қойды. Шарада әр азаматтың базынасы мұқият тыңдалды.

 

Нұрасыл Ахмет