Спорт

Қызылжар ауданында еркін күрестен облыстық турнир өтті

Қызылжар ауданында да спорттық шара ұйымдастырылды. Бәйтерек ауылында жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық турнир өтті. Жарыста жергілікті, жақын маңдағы ауылдардың және мамлюттік палуандар бақ сынады. “Бұлақ көрсең көзін аш” дегендей, бұл дода болашағынан зор үміт күттіретін жастарды анықтауға бағытталған. Сайысқа демеушілер қолдау танытыпты. Олар ұл-қыздардың күреске деген қызығушылығын одан сайын арттыру мақсатында қалыптасқан марапаттан бөлек, түрлі сыйлықтар сатып әперген.

НҰРСҰЛТАН ҚУАТОВ, Қызылжар ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

— 200-ге жуық бала күреседі. Сайыс 20 мен 52 келі салмақ дәрежесі аралығында өтуде. Жеңіс тұғырына шыққан балаларға сыйлықтарымыз бар. Сыйлықтар қомақты сомаға алынды.