ТЖ

Айыртау ауданында екі құтқару станциясы ашылды

Айыртау ауданы қалың орманы, таулы жерлері және туристік бағыттарымен танымал. Қазақстандағы ең көрікті өңірлердің бірі осы – Шалқар-Имантау курортық аймағы. Сондықтан мұнда жергілікті тұрғындар мен қонақтардың демалуы, қауіпсіздігі үшін де барлық жағдай жасалып жатыр. Ашылған жаңа бөлімше төтенше жағдайлар кезінде жедел, тиімді және сенімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

— Осы 50 жылда бірінші рет өрт сөндіру депосын ашып, жағдай жасап жатырмыз. 01:02-01:36 Президентіміз туристік аймақтарды әрдайым бақылауында ұстайды.

Аумағы 3 мың гектардан асатын Шалқар көлінің жағалауында 20-дан астам туристік нысан орналасқан. Станцияның ашылуы аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан аудан тұрғындары мен қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

СЕЙІТЖАН ЕСМАҒЗАМ, Айыртау аудандық ТЖБ бастығы:

— Құтқару станциясында дәл қазір 9 адам бар. Шомылу маусымы кезінде бұл көрсеткіш ұлғайтылады. Жаңа катерлер сатып алынды. Құтқарушылар Шалқар мен Имантау көлдерінде патрульдік жұмыстар жүргізеді.

Сонымен қатар, Имантау көлінде де құтқару станциясы ашылды. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі көл, аумағы 5 мың гектарды құрайды. Мұнда шамамен 15 туристік нысан бар. Жаңа станцияның ашылуымен аудан тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов құттықтады.

НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО әкімінің орынбасары:

— Еліміздің үлкен мерекесі – Тәуелсіздік күні жақындап келе жатқанда халықтың қауіпсіздігіне қызмет ететін жаңа нысанды іске қосу – игілікті іс. Тәуелсіздік дегеніміз ең алдымен халықтың қауіпсіздігі болып табылады.

Айыртау ауданында құтқару бөлімшесінің ашылуы – тек аудан үшін емес, елдегі азаматтық қорғау жүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам.