ТЖ

Қас қарайған шақта бескөлдіктер қауіпсіз жерге көшірілді

Бескөл ауылында жатақханадан өрт шығып, 20-дан астам адам эвакуацияланды. Оқиға желтоқсанның 11-і күні кешкі сағат 5:00 кезінде орын алған. Екі қабатты баспананың шатырын жайпаған өрт төменге тараған. ТЖД қызметкерлері от шыққан жерге 10 минуттың ішінде жеткен. Тұрғындар оған дейін өздігінен көшеге шығып үлгеріпті. Құтқарушылар оларды тоңбас үшін арнайы техникаға жеткізді. Тілсіз жаумен 40-тан астам маман күресті. Айта кету керек, қызыл жалын 240 шаршы метр аумақты шарпыды. Оны ауыздықтауға 2 сағатқа жуық уақыт кеткен.

АЗАТ ИБРАЕВ, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

— “Парасат” мектеп-лицейінің қабырғасында эвакуациялық қосын әзірледік. Тұрғындар онда бармай, туыстарына орналасуды жөн көрді. Көппәтерлі баспананың иесі – бір адам. Қалғандары жалдап тұрған. Сондықтан біз нысанды жөндей алмаймыз. Бірақ, әр отбасыға 100 АЕК көлімінде жәрдемақы беріледі.

 

Нұрасыл Ахмет