Балалар

Ассамблея жастары жылды қорытындылады

«Qyzyljar» креатив орталығында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының қорытынды жиыны өтті. Іс-шара барысында белсенді қыз-жігіттердің жыл бойы атқарған жұмыстары айтылып, келер жылға мақсат-міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, еңбегімен көзге түскендер марапатқа ие болды.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «Ассамблея жастары» РҚБ СҚОФ бойынша өкілдігінің жетекшісі:

— Бұл форумда біз жастарымызды 8 түрлі аталым бойынша марапаттаймыз. Осы жылы «Ассамблея жастары» ерекше жұмыспен көзге түсті.

Қорытынды форумда Аружан Алпысбаеваның еңбегі бағаланды. Еріктіге «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Алғыс хат табысталды. Оқушы жастар ұйымына биыл ғана мүше атанған, ол түрлі акцияларға қатысып, белсенділік танытыпты.

АРУЖАН АЛПЫСБАЕВА, «Ассамблея жастары» РҚБ СҚОФ еріктісі:

— Мен бұл ұйымға тәжірибе жинау үшін келдім. Жаңа достар таптым. Осы жылы біз қыруар жұмыс атқардық. Көптеген жанға қол ұшын создық. Бүгін еңбегім бағаланып отыр, өте қуаныштымын. Жастар бір тудың астында достық қарым-қатынаста өмір сүру қажет.

Іс-шара барысында жастар ұйымының тағы 14 волонтері марапатталды. Оларға түрлі сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

 

Ұлан Ыдырыс