— Если закон – это правило, то порядок – это результат его выполнения. В чём проявляется порядок? В безопасности на улицах, в уважении прав других людей, в дисциплине, в эффективности работы государственных институтов.
Тәртіп сақшылары Петропавл Жоғары құрылыс-экономика колледжінің студенттерімен кездесті. Жиын барысында «Құқықтық мемлекет – басты құндылық» тақырыбында әңгіме өрбіді. Жиналған жастар – болашақ заңгерлер. Олар қонақтарға көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарды қойып, жауап алды.
РУСЛАН ТАСЫМОВ, СҚО ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы:
— Құқықтық мәдениетті арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру – әрбіріміздің борышымыз. Себебі, заң мен тәртіп сақталған жерде бейбіт өмір, әділетті қоғам мен сенімді болашақ болады.
Кездесуде тәртіп сақшыларының жұмысы жайлы толық ақпарат берілді. Өз кезегінде кинологтар қызметтік иттердің тыйым салынған заттарды қалай анықтайтынын көрсетті. Ал жедел арнайы жасақ офицерлері жауынгерлік даярлық қимылдарын паш етті. Шенділер жастарды жұмысқа да шақырды.
— На сегодняшний день нам требуются квалифицированные специалисты для занятия вакантных должностей оперуполномоченного, следователя, дознавателя, участкового инспектора полиции.
Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына немесе қызметке қабылдаудың өзіндік тәртібі бары белгілі. Жиын соңында полицейлер студенттерге осы тұрғысында ақыл-кеңес айтты.
Ақтолқын Солтанханқызы