Қоғам

Петропавл қаласы АХАТ бөлімінің мекенжайы ауысады

Петропавл қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жаңа мекенжайға көшеді. 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап мемлекеттік мекеме тұрғындарды М.Жұмабаев көшесі бойындағы 105-ші ғимаратта қабылдамақ. Келушілер дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы 8 бен кешкі 17:30 аралығында жүгіне алады. 13:00-ден 14:30-ға дейін – түскі үзіліс. Ал сенбі, жексенбі – демалыс күндері. Естеріңізге салайық, бүгінде қалалықтарға тиісті қызметтер Қазақстан Конституциясы көшесі, 72 мекенжайы бойынша орналасқан нысанда көрсетіліп жатыр.