Құқық қорғау органдары

Жолда көктайғақ болуы мүмкін

Автоөткел салынып жатқан Жұмысшы кентінен шығаберіс жақта жүргізушілер қауіпсіздік жөнінде ескертілді. Алдағы күндері күн күрт жылынып, көктайғақ болуы мүмкін.

ДӘУРЕН ҚОШҰҒҰЛОВ, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:

— Алдағы демалыс күндері облыста ауа райы күрт жылынуы мүмкін. Кей жерлерде аралас жауын-шашын мен боран күтіледі. Салдарынан көктайғақ болуы да ғажап емес. Ал жолдың үстін қар басса, жүргізушілер асфальттағы жағдайды бағалай алмай апатқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан, жүргізушілерден жолға шыққанда абай болуларын сұраймыз.

Жол қателікті кешірмейді, осы ретте қауіпсіздікті тағы бір қаперге салған артық етпейді. Жыл басынан бері облыс жолдарында 550-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның 20 пайызы республикалық маңызы бар бағыттарда болған. Өкінішке қарай, салдарынан 50-ге жуық адам қаза тапты.