Ауыл шаруашылығы

СҚАШҒЗИ-да биыл 600-ден астам адам біліктілігін арттырған

Биылғы жыл Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты үшін сәтті болды. Қыруар жұмыс атқарылып, пайдалы жиындар өткізілді. Институт мамандары жыл басынан бері 8 семинар мен 20 вебинар ұйымдастырған. Нәтижесінде 600-ден астам адам біліктілігін арттырды. Олардың қатарында агроқұрылым басшылары, мал және өсімдік шаруашылығы салаларының мамандары бар. Институттың қорытынды семинары барысында жақын шетелден келген кәсіпкерлер жергілікті мамандармен шеберлік алмасты.