Қоғам

Петропавлдағы автожол өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Нысанның жалпы ұзындығы 1,1 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда көпірдің негізгі бөліктерінде құрылыс аяқталған. Маңызды іспен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Түнгі ауысымда 28 маман, ал күндіз 30-дан аса адам жұмыс істейді.

МҰРАТ ХАРСИЕВ, “Құрылыс-Сервис” ЖШС директоры:

— Көпірдің негізгі бөлігі көтеріліп, тіреу және бүйір қабырғалары орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру жүйесін орнату секілді қалған жұмыстарды істеп жатырмыз. Құрылысқа барлығы – 30-ға жуық техника тартылды. Керек материалдардың барлығы жеткізілді. Олар: 53 мың кірпіш, 32 мың текше метр топырақ пен қиыршық тас. Жол төсемінің бірінші қабаты дайын.