Құқық қорғау органдары

Петропавлда зергерлік дүкенге ұрлыққа түсіп, қасақана өртеген ер адам ұсталды

Зергерлік дүкеннің терезесін сындырып, ішіндегі бағалы заттарды ұрлаған, соңынан өртеп кеткен. Тәртіп сақшылары Петропавлда қоғамның қызу талқысына түскен қылмысты ізін суытпай әшкереледі. Еске сала кетейік, жуырда таң ата “Галактика” сауда үйі отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Бірақ, полицейлер мына бір дүниеге ерекше назар аударды. Сауда нысанының ішінде өрттен ең көп зардап шеккен – зергерлік дүкен. Мамандар бейнебақылау камерасының жазбаларын қарап, күдіктіні анықтады. Ол құны 1 млн теңгеден астам алтын ұрлап, қарама-қарсы орналасқан дүңгіршекке жасырған.

— Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 32 жастағы ер адам қамауға алынды. Ол бұрын сотталған. Сонымен қатар күдіктінің тыйым салынған заттарға әуестігі бар екендігі де анықталды”, – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.