Кезекті маусым алдында «Qyzyljar» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алуда. Құрамадан Руслан Валиуллин, Джурахон Бабаханов және Дмитрий Мирошниченко сынды тәжірибелі ойыншылар кетті. Бұл жайлы ұжымның әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. Ал Мирас Елеукинмен жаңа келісім-шартқа қол қойылды. Қорғаныста өнер көрсететін өңір тумасы облысымыздың намысын әлі бірнеше жыл қорғамақ. Сонымен қатар, бас жаттықтырушы Милич Чурчич орнында қалды. Көпшіліктің жоғары бағасын алып үлгерген шетелдік тәжірибелі маман тізгінді былтырғы маусымның алғашқы айналымында қолға алды. Оның жетекшілігімен «Qyzyljar» турнирлік кестеде алға жылжыды.