Қоғам

Өңірде «Пиротехника» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңір тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметкерлері «Пиротехника» республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Мұндағы басты мақсат – пиротехникалық өнімдерді сату, сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпті әрі сертификатталмаған бұйымдардың таралуына жол бермеу. Бұл өз кезегінде өрттің, жарақаттардың және басқа да оқыс жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Әсіресе адамдар көп жиналатын орындар мен тұрғын үй секторында қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Осыған байланысты полицейлер базарлар мен сауда орталықтарында рейдтер өткізіп, сапасыз пиротехниканың қаупін түсіндіреді және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ – СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

— Пиротехника каз файл. “Жаңа жылдық мерекелерді өткізу қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды. Тұрғындар пиротехникалық құралдарды заңсыз сақтағаны үшін 20 АЕК түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын ескертеміз.

Тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы сату орындарынан сатып алу қажет. Нұсқаулықты мұқият оқып, балаларды қатаң бақылауда ұстау қажет. Айта кетейік, «Пиротехника» профилактикалық іс-шарасы 3-ші қаңтарға дейін жалғасады.