Жерлес конькиші айды аспаннан бір-ақ шығарды! Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Әлем кубогында өз мықтылығын кезекті мәрте дәлелдеді. Итальяда өтіп жатқан жаһандық жарыста зымыранан жылдам ару 6 дүркін жеңімпаз атанды. Шашасына шаң жұқпас жүйрік 1000, 1500 және 3000 метрлік додаларда мәре сызығын бірінші болып кесті. Осылайша, теріскейлік жас спортшы небәрі 10 шақты күннің ішінде әлемдік спорттың басты жұлдыздарының біріне айналды.