Құқық қорғау органдары

Есірткі сатқан 26 жастағы жігіт ұсталды

Интернет-дүкен арқылы арам ойын жүзеге асырған! Петропавлда есірткі сатты деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Ұсталған кезде одан гашиш майы бар 64 капсула тәркіленген. Ал тұрғылықты жерінен тағы сондай 91 капсула, шприц пен есірткі салынған пластикалық бөтелке табылған. Жалпы, заңсыз айналымнан алынған наша 516 грамды құрап отыр. Алдын ала ақпарат бойынша, ол тыйым салынған заттарды қабылдап қана қоймай, “куратор” ретінде түрлі қалаларға сатқан. Енді пысықай петропавлдық 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.