Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгеріс

Қазақстанда ағза донорлығын дамытудың оң динамикасы байқалады. Елімізде операциялық белсенділіктің өсіміне инфрақұрылымның кеңеюі ықпал етуде: республикада былтырғы 7 орталықтың орнына бүгінде 11 трансплантаттау орталығы жұмыс істейді. Донорлық белсенділік Алматы мен Астана қалаларында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жоғары. Бүгінде 4521 қазақстандық ағза ауыстыруды күтуде, күту парағындағы пациенттердің арасындағы өлім 4,6%-ға төмендеді.

АЙДАР СЕЙІТҚАЗИНОВ, Республикалық трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының басшысы:

— Қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалған трансплантаттаулардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты, ал ағымдағы донорлардың саны 2025 жылдың 10 айында екі есе дерлік – 6-дан 16-ға дейін көбейді. eGov.kz сайтындағы азаматтардың жалпы ерікті ниет білдіру көрсеткіші 27%-ға өсті, ал келісім үлесі 63%-ға жетті.