Экология

Табиғатты қорғауға үндеу: “Балық аулау торларының теңізі” фильмі көрерменге жол тартты

Петропавлда табиғат тынысына үн қосқан ерекше кездесу өтті. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде 80-ге жуық жас бас қосып, экология тақырыбын тереңінен қозғайтын деректі фильм тамашалады. Бұл – жай көрсетілім емес, табиғатты сақтау жолындағы жүректерді біріктірген ортақ ой алаңы болды.

АЛМАГҮЛ ҒАББАС, Қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

— Бүгінгі шараны біз ерекше форматта – фильм көрсету арқылы өткізуді шештік. Мақсатымыз – әр студенттің осы фильм арқылы ізгі істерге шабыт алып, табиғатқа жанашырлықпен қарап, бірге өмір сүріп отырған ортаға құрмет сезімін қалыптастыру.

Бүгінгі ұрпақ – елдің ертеңі ғана емес, табиғат аманатын арқалайтын жауапты буын. Өңірде соңғы жылдары экологиялық бастамалар жаңаша серпін алып, тазалық акциялары, ағаш отырғызу, қоқыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыру жұмыстары кеңейіп келеді. Жасыл идеяны қолдаушылар қатары да күннен күнге көбеюде.

ЖАНСҰР ЕРАЛЫ, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенті:

— Бүгінгі фильмде көрсетілгендей, табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және еліміздің экологиялық мәдениетін нығайту – әрқайсысымыздың басты міндетіміз. Тазалық қай уақытта да бірінші орында болуы тиіс.

Өткізілген кездесудің мәні – санадағы өзгеріс. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай шараларды тұрақты түрде өткізіп, жас буынға “таза болашақтың кілтін”

 

Жангельді Жамалиев