Спорт

Петропавлда мейбукан годзю-рю карате-додан сайыс өтті

Петропавлда мейбукан годзю-рю карате-додан сайыс өтті. Жарыс облыс орталығы мен алыс-жақын аудандардан келген 100-ге жуық жеткіншектің басын қосты. Барлығы – 11 команда 4 пен 14 жас санаты аралығында кіл мықтыны анықтады. Татами төрінде қарсыластарынан оқ бойы оза шауып Мирон Колтунов, Богдан Ионычев, Ернар Желдыбаев және Константин Гомермайстер жеңімпаз атанды. Енді жас каратешілер Рудный қаласында желтоқсанның 13-14-і аралығында өтетін республикалық турнирге қызу дайындық үстінде.