Қоғам

Петропавлда ішіктер жәрмеңкесі өтуде

Нәзікжандылардың құлағына алтын сырға. Петропавлда Ресейдің Пятигорск қаласынан жеткізілген ішіктер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бүгін – жәрмеңкенің алғашқы күні. Қала тұрғындарына сапалылығымен танымал ішіктер шаһарда 14-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Мұнда қыз-келіншектердің назарына 100-ге жуық түрлі сырт киім ұсынылған.

АНДРЕЙ НЕМЦУРОВ, Пятигорск тон фабрикасының өкілі, РФ:

— Тұрғындарға мутон мен күзеннен жасалған түрлі ішіктер әкелдік. Өлшемдері 46-дан басталып 62-ге дейін. Мутоннан тігілгені -40 градусқа дейін суық өткізбейді. Ал күзеннен жасалғаны -25-ке дейін жылуын жоғалтпайды. Сырт киімдердің үлгілері тек жастарға ғана емес, егде жастағы жандар үшін де арналғандары бар. Киюге ыңғайлы әрі өте жеңіл.

Жәрмеңкеде жеңілдік қарастырылған. Шарты мынадай: өзіңіздің ескі деген ішігіңізді әкелі өткізсеңіз, жаңасын аларда сатушы 100 мың теңгесін шегеріп тастайды. Ал қолма-қол төлем жасасаңыз тағы да жеңілдік қарастырылған. Мұнда тек нәзікжандылар үшін ғана емес, ер адамдар үшін де таңдау бар. Ішіктердің құнын 2 жылға пайызсыз бөліп төлеуге болады.

АНДРЕЙ НЕМЦУРОВ, Пятигорск тон фабрикасының өкілі, РФ:

— Негізінен классикалық үлгідегі тауарларды сатып жатырмыз. Ұзындықтары әртүрлі, ең қысқалары 60-90 см басталады. Шикізатты Австралиядан аламыз. Ал фабриканың өзі Пятигорск қаласында орналасқан. Жоғары сапалы шикізаттың арқасында суық өткізбейтін ішіктер әзірлейміз.

Алда көптен күткен мейрам келе жатыр. Осыған орай сапалы дүние сатып алып, жақындарыңызды қуантуға асығыңыз. Жәрмеңке Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы “Автомаркет” ғимаратында орналасқан.

 

Ақтолқын Солтанханқызы