Қоғам

“Green Park” отбасылық парк-қонақүйі 10 жылдығын атап өтті

“Green Park” отбасылық парк-қонақүйінің тарихындағы маңызды белес. Демалыс күні солтүстікқазақстандықтардың сүйікті демалыс орны өкілдері 10 жылдық мерейтойды атап өтті. Салтанатты шараға тұрақты түрде ат ізін салатын қонақтар келді. Олар әкімшілік тарапынан тосынсыйлар алып, мәз-мейрам болысты.

НАТАЛЬЯ ЛЕУШИНА, қала тұрғыны:

— Бұл жерге жиі келіп тұрамыз. Достарымызбен де, отбасымызбен де келеміз. Үйлері өте жайлы, әдемі. Табиғат та тамаша. Алысқа барып, жан рахатын іздеудің қажеті жоқ. Көңіл-күй өте жоғары деңгейде, мерейтой жақсы өтіп жатыр.

Көңілді кеш барысында қонақтарға тегін тамақ таратылды. Ұтыс ойындары да ойнатылды. Меймандар би билеп, концерттік бағдарламаны тамашалады. Демалыс мекенінде бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер бар. Соның бірі – осы жердегі тәртіпке, сапалы қызметке жауап беретін Гүлнәр Қазиева. Нәзікжанды отбасылық парк-қонақүйінің ашылған сәтінен бастап еңбек етеді. Оның айтуынша, бастапқыда төңірек аса таң қалдырмаған.

ГҮЛНӘР ҚАЗИЕВА, “Green Park” отбасылық парк-қонақүйінің менеджері:

— Мен бұл жерде 10 жыл жұмыс істеймін. Мен келгенде үйлер ғана болған. Ал қазір көркейіп келеді.

Таңғы ас, достармен көңілді отырыс, романтикалық кездесу немесе шағын той. Дәмді тамақтану үшін демалыс орны аумағындағы “Усадьба” мейрамханасына бару қажет. Мұнда кез келген шараны жайлы әрі әсерлі өткізуге мүмкіндік бар.

ДАМИР ӘСКЕРОВ, “Усадьба” мейрамханасының менеджері:

— Мейрамханамыз екі қабатты. Бірінші қабатта қонақтар тамақ ішіп, жақындарымен уақыт өткізе алады. 150 адамға арналған орын бар. Ал үстінде той-томалақ ұйымдастыруға болады. Бір мезетте 230 келушіні қабылдай адамыз. Ас мәзірі еуропалық стильде дайындалады.

Демалыс аумағында жылдың кез келген мезгілінде, алдағы Жаңа жыл мерекесі кезінде де демала аласыз. Меймандарға бір және қос қабатты 9 бірдей ағаш үй мен 4 шағын шале ұсынылады. Ол аз десеңіз, ашық аспан астындағы жылы купелері бар моншалар мен ыстық бу бөлмелері ерекше жайлылық сыйлайды.

 

Мәдина Қаби