Өңір кәсіпкерлері – алдыңғы қатарда! Мемлекет басшысы Астанада “Парыз” және “Алтын сапа” республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Сайысқа 500-ге жуық кәсіпкерлік өтінім берген. Алғашқы аталған премияға Ақжар ауданындағы “Ақ-Ниет” серіктестігі ие болды. Ұйым ондаған жылдар бойы өңірдің аграрлық секторын дамытуға зор үлес қосып келеді. Ал шағын және бизнес субъектілері арасында өткен “Ең үздік ұжымдық шарт” аталымында мамлюттік “Қос ағаш” серіктестігі екінші орын иеленді.