Шенділер үстел теннисінен өзара мықтыны анықтады. Шараға облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары қатысты. Өңірдегі мемлекеттік маңызы бар нысандар мен ондағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқармада 300-ден астам маман еңбек етеді. Бүгін солардың арасынан “сен тұр, мен атайын” деген 12 шен теннистен машықтарын паш етті.
ДӘУРЕН КОНУРБАЕВ, СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары:
— Бүгінгі шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жалпы, басқармамызда мұндай спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрады. Қызметкерлер өзара футбол, волейболдан турнирлер өткізеді. Бұл жердегі басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау.
Теннисшілерге 3 партия беріледі. Екі рет жеңіске жеткен қызметкер келесі кезеңге өтеді. Турнирге қатысушылардың бірі – Еркін Нұрышев. Азаматтың ішкі істер органдарында еңбек етіп жүргеніне 20 жылдай болыпты.
ЕРКІН НҰРЫШЕВ, СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім бастығы:
— Үстел теннисімен айналысып жүргеніме 3 жылдан асты. Бүгінгі жарысқа тек СҚО басқармасының мамандары қатысып отыр. Біздің кадр бөлімінен 1 қызметкер қатысады.
Үздік үштікке енген жандарға мақтау қағазы мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ақтолқын Солтанханқызы