Спорт

Өңір спортшылары гір спортынан өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті

Жуырда Қытайдың Хайнинг қаласында гір спортынан әлем чемпионы өтті. Дүбірлі дода 400 мықтының басын қосты. Жарыста Қазақстан құрамасы уыс-уыс медаль еншіледі. Ел мерейін асырғандардың арасында теріскейліктер де бар. Ерлер арасында жерлестеріміз Олег Окс пен Артем Головин топ жарса, Алексей Горобченко мен Виталий Диденко күміс және қола жүлдеге ие болды. Өңір әйелдері байрақты бәсекеде 6 медаль еншіледі. Жаһандық бәсекеде ардагерлеріміз де ерледі. Алпауыт күшке ие аға буын өкілдері сайыстан 2 алтын, 3 күміс, 3 қола еншілеп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.