2023-2025 жылдарға арналған республикалық пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң
биыл тоқтатылады. Сәйкесінше келесі үш жылдық мерзімге арналған заң жобасы әзірленіпті. Мәселе облыстық қоғамдық кеңестің отрысында қаралды.
ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО қаржы басқармасының басшысы:
— Бюджетаралық қатынас аясында облысқа республикалық бюджеттен келесі жылға – 333 млрд 976 млн теңге, 2027 жылы – 432 млрд 905 млн, ал 2028 жылы – 457 млрд 968 млн теңге шамасында жалпы сипаттағы трансферт көлемі қарастырылған. Жоспарланып отырған қаржыны түрлі салаға, соның ішінде медицина, білім, жол спорт және тағы бірнеше бағытқа бөлу көзделіп отыр.
Қуанышбек Қалижанов әзірлеп әкелген баяндама тыңдалған соң, кезең сұрақ-жауапқа берілді. Кеңес мүшесі Тимур Жұманов жобада жасанды интеллектіні дамыту жағына көңіл бөлінбегенін айтты. Жиынға қатысқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин зейнеткерлерді мазалаған мәселені қозғады. Айтуынша, құрметті еңбек демалысына шықса да қоғамда белсенділігін жоғалтпаған қарт жандардың басын қосып, ауқымды іс-шара өткізетін тұрақты арнайы орын қажет. Жангелді Тәжин бұл мәселе бірнеше жыл қатарынан көтеріліп келе жатқандығын айтты. Әзірге, тыңдар құлақ болмай тұр.
Мәдина Қаби