Ауыл шаруашылығы

Қызылжарлық ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Қызылжар ауданында да ауыл шаруашылығы маусымы қорытындыланды. Мұндағы агросектор өкілдері үшін де ағымдағы жыл табысты болды. Алқаптардан мол астық жиналды, фермаларда тонналап сүт сауылды, ет өндірілді және миллиондаған дана жұмыртқа саудаға шығарылды. Ауқымды еңбектің артында маңдай терді төгуден жалықпайтын жерлестеріміз тұр. Олар зор құрметке лайықты. Салтанатты шара барысында аудан әкімі ондаған азаматқа түрлі дәрежедегі марапат табыстады. Ортаға шыққандардың арасында механизатор да, сауыншы да, диқан да болды.

АЛЕКСАНДР ГОНЧАРОВ, “Сервис-Жарс” ЖШС механизаторы, Қызылжар ауданы:

— Жалындаған жас шағымда осы мамандықты таңдадым. Басында білікті әріптестерім көмектесті. Қазір механизатор болып жұмыс істеп келе жатқаныма 32 жыл болды. Биыл 10 мың гектарға жуық алқапта жиым-терім жұмысын жүргіздім. Осылайша рекордтық нәтиже тіркедім. Бүгін осы еңбегім ақталып отыр. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. Қуанышымда шек жоқ.

ЖАБАЙ ИБРАЕВ, “Орақ” ФҚ басшысы, Қызылжар ауданы:

— Архангельское ауылында қожалығым бар. Егін егемін, мал ұстаймын. Келесі жылы егістік жердің көлемін ұлғайтқым келеді.

 

Ұлан Ыдырыс