Бір ғасырға жуық тарихы бар колледж ұжымы мерейтойын атап өтті. Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі осыдан 95 жыл бұрын құрылған. Жүз жылға жуық уақыттың ішінде білім ордасынан 50 мыңнан астам студент түлеп ұшқан.
АЛМАТ МӘКІШЕВ, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі директорының орынбасары:
— Біз бірнеше мамандық бойынша даярлаймыз. Ал жұмысшы мамандықтар саны – 6.
Мерейтойлық жиынға колледж ұжымы, түлектер мен ардагер ұстаздар қатысты. Әрқайсысы білім ордасында өткізген оқу және еңбек жылдарын сағынышпен еске алды. Майра Жүкенова гуманитарлық-техникалық колледжде ширек ғасыр бойы тер төккен. Алдына келген әр жасқа қазақ тілінің қадір-қасиетін ұғындыруға тырысқан.
МАЙРА ЖҮКЕНОВА, ардагер ұстаз:
— Мен колледжде 25 жыл бойы қазақ тілін оқыттым. Алдымнан бірнеше студент оқып шықты.
Білім ордасында маман әзірлеуде сапаға ерекше мән береді. Өйткені, білім беру саласында – бәсеке, ал еңбек нарығында сұраныс зор.
КИРИЛЛ ДЕМЕНТЬЕВ, студент:
— Мен гуманиатрлық-техникалық колледжге биыл оқуға түстім. “Есеп және аудит” бағытын таңдадым. Мамандығым өзіме ұнайды. Мұнда бәсекеге қабілетті маман болуы үшін барлық жағдай жасалған.
Колледжде қазір 800-ге жуық студент оқып жатыр. Болашақ мамандарға 70-ке тарта педагог білім береді.
Мәдина Қаби