“Аманат” партиясы жанындағы республикалық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелері жұмыс сапарымен СҚО-ға келді. Делегация құрамында Парламент өкілдері де бар. Меймандар полиция департаментінің жедел басқару орталығын аралап, қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда қолданылатын заманауи технологиялардың жұмысымен танысты.
МИХАИЛ ЗОЛКИН, СҚО ПД бөлім бастығы:
— Қазіргі таңда облыс орталығының көшелерінде 1200-ге жуық бақылау камерасы бар. Соның ішінде пилоттық жоба аясында орнатылған 20 камера барлық көліктердің мемлекеттік нөмірлерін тексеруге мүмкіндік береді. Бейнебақылау құрылғыларын бір орталықтан басқаруға болады. Қазір жасанды интеллекті білім беру ұйымдарында да қолданылып жатыр. Жүйе оқушылар арасында кикілжің туындаған жағдайда бірден басшылыққа хабар береді.
Жангельді Жамалиев