Петропавлға елге танымал “Folk Show” жобасының өнерпаздар келді. Талантты жастар 5 жылдан бері ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүр. Сонымен қатар, шетелдік туындыларды орындап, көрерменнің жүрегінен ойып тұрып орын алған. Ұжым 2022 жылдан бері Қызылжар халқының алдында өнер көрсетіп келеді. Концертке келген халықтың қарасы қалың болды. Рухты көтерер әндер мен бойға шабыт сыйлайтын билер тыңдарманның көңілінен шыққаны көрініп тұр. Оны қуанышты жүздері мен соққан шапалақтарынан көруге болады.
ӘДІЛЕТ АЗБАЕВ, “Folk Show” жобасының авторы:
— “Folk Show” – ұмыт қалған әндерді заманауи түрде орындайтын жоба. Сонымен қатар, әлемдік хиттерге де ерекше көңіл бөлеміз. Жыл санап бізді тұрақты түрде тыңдайтын көрермендеріміздің саны артып келеді.