Қоғам

Мамандықтар әлемі: жас ұрпаққа кәсіби бағдар

Жас буын мамандық таңдаудан қателеспеуі қажет. Дұрыс таңдау – болашаққа жасалған дұрыс әрі нық қадам. Петропавлда “Мамандықтар әлемі” атты кең ауқымды кәсіби бағдар беру сессиясы ұйымдастырылды. Мұнда жүздеген оқушы өмірлік жолын айқындайтын маңызды ақпаратқа қанығып, еңбек нарығындағы өзгеріс пен мүмкіндікке тереңінен үңілуге мүмкіндік алды.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО білім басқармасының басшысы:

— Мемлекет басшысы осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған еді. Облысымызда арнайы жол картасы құрастырылды. Жоба аясында 70 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

Бұл шаралар жастарды білім алуға, еңбек етуге шақырады. Әр адамның бойында қабілет болады. Соған сәйкес мамандық таңдаған жөн. Сессияға облыстың жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорын өкілдері қатысып, өз мүмкіндіктерін айтты. Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі 6 арнайы бағыт бойынша ақпарат ұсынды.

АЙСҰЛУ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ, Ж.Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледжінің кәсіби бағдар берушісі:

— Өзіміздің білім ордамызды арнайы 6 мамандық бойынша таныстырып отырмыз. Олар: “Емдеу ісі”, “Мергер ісі”, “Фармация”, “Зертханалық диагностика” және “Стоматология”. Бүгінгі таңда бізде симуляциялық орталықтар бар. Оқушыларымыз әртүрлі клиникалық жағдайда білім алады.

Ұйымдастырылған шара – ашық диалог алаңы. Бұл жерде бір-бірімен күнде қауышпайтын тараптар жақынырақ таныса алды. Болашақта игеруі мүмкін мамандардың киімдерін киді, құралдарын ұстап көрді.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, “Сенімен Болашақ” РҚБ СҚОФ жетекшісі:

— Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға алдағы уақытта өз кәсібін табуға, өмір жолын таңдауға және еңбек жолын анықтауға жағдай жасау. Біз осындай мүмкіндік жасауды жөн көрдік.

Ақпараттық шара қаламыздағы мектептерде оқитын барлық жоғары сынып оқушыларын қамтыды. Әр шәкірт қатысушы атану үшін олар 2 лекпен Оқушылар сарайына келіп, мамандармен қауышты.

 

Жангельді Жамалиев