Құқық қорғау органдары

Қызметке берілген құрмет: офицерлерге кезекті шен табысталды

Петропавлда құқық қорғау саласының қызметкерлеріне кезекті шен табысталды. Бүгін 10 маман үшін қызмет жолындағы жаңа бір белес айшықталды. Салтанатты сапқа тұру рәсіміне жедел қызмет, учаскелік полиция, кезекші бөлімдер, қаржылық қамтамасыз ету басқармасы мен полиция госпиталінің қызметкерлері қатысты. Ведомство бастығы Айдын Қабдұлдинов шендері жаңарған офицерлердің кәсіби жетістіктері мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы жауапты қызметіне тоқталып өтті.