Қазақта «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген бар. Бірлік – біздің баға жетпес байлығымыз. Елдегі тұрақтылық, бейбітшілік жайлы айтсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірден еске түседі. Достық үйінде ынтымақты арттыру бағытындағы шаралар жиі өтеді. Соның бірінде ксенофобия мен сепаратизм мәселесі көтерілді.
СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА, СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы:
— Қазақстан халқы Ассамблеясы ксенафобияға, сепаратизм мен экстремизмге қарсы. Қазіргі таңда біздің қоғамда мұндай жайттар орын алып жатады. Бұнымен барлығы күресуі қажет. Сонда нәтиже болады. Аудандарға, мектептерге, мәдени орталықтарға шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Біз үшін татулық пен бірлік – ең құнды дүние. Оны сақтау – біздің міндет.
Дөңгелек үстелге жиналған жандар маңызды баяндамалармен ортаға шықты. Филалогия ғылымдарының кандидаты Ақмарал Сәркенқызы “Ұлттық құндылық – қоғамның рухани өзегі” атты жұмыс әзірлепті. Ол қазақи тәрбиеге баса мән берген. Спикер ар, ұят, иман арқылы бейбітшілікті, қоғамдық тәртіпті нығайтуға болатынын алға тартады.
АҚМАРАЛ СӘРКЕНҚЫЗЫ, СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі:
— Менің баяндамам ұлттық құндылыққа байланысты. Қазақ баласын ар, ұят, иман сөздерімен тәрбиелеген. Бұдан артық ақыл-кеңес жоқ.
Қоғамдық тұрақтылықты нығайту үшін шетелдік тәжірибеге де сүйенген жөн. Іс-шара қатысушылар осындай да пікір білдіріп, өздерінің ойларын ортаға салды.
Ұлан Ыдырыс