МӘДИНА ҚАБИ, тілші:
— Қазір мен тұрған жер – қала тұрғындары мен қонақтары жиі келетін демалыс аймағы. Мұнда адамдар тынығып қана қоймай, табиғаттың әсемдігін тамашалап, таза ауада серуендей алады. Бұл жердің тағы бір ерекшелігі – келушілерге арнайы жайлы үйлердің қарастырылғаны. Осында қонып, толыққанды демалуға мүмкіндік бар.
Әсем табиғат пен жан тыныштығы таяқ тастам жерден табылады. Ол үшін ойланбастан “Green Park” отбасылық парк-қонақүйіне келу қажет. Жылдың кез келген мезгілінде демалуға мүмкіндік бар. Мұнда сіздерге бір және қос қабатты 9 бірдей ағаш үй мен 4 шағын шале ұсынылады. Ол аз десеңіз, ашық аспан астындағы жылы купелері бар моншалар мен ыстық бу бөлмелері меймандарға ерекше жайлылық сыйлайды.
МАКСИМ КАЛИНИН, “Green Park” отбасылық парк-қонақүйінің бас директоры:
— Біздің демалыс орнында 4 монша бар. Оның екеуі бұрыннан жұмыс істейді. Ал өткен жылы заманауи үлгідегі тағы екеуін тұрғыздық. Жұмыстан, күйбің тіршіліктен шаршағанда осында келу қажет. Қонақтармен жиі тілдесеміз. Барлығы тек алғыстарын білдіреді.
Биыл “Green Park” отбасылық парк-қонақүйінің ашылғанына 10 жыл толмақ. Бұл – жайлылық, қуаныш пен демалыс мекені. Мұнда түрлі мерекелер, қызықты бағдарламалар мен қоғамдық шаралар да ұйымдастырылады. Келушілерді таң қалдыру – басшылықтың негізгі ұстанымы. Биыл көпшілікке танымал орынның аумағы кеңейді, жаңадан үйлер бой көтерді, инфрақұрылым жаңартылды. Кішкентай қонақтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін шағын зоопарк те бар. Алдағы жоспар бұдан да қызық.
МАКСИМ КАЛИНИН, “Green Park” отбасылық парк-қонақүйінің бас директоры:
— Шырша орнатып, мерекелік кеш жайлы айтып жатады.
Дәмді тамақтану үшін демалыс орны аумағындағы “Усадьба” мейрамханасына бару қажет. Таңғы ас, достармен көңілді отырыс, романтикалық кездесу немесе шағын той. Мұнда кез келген шараны жайлы әрі әсерлі өткізуге мүмкіндік бар.
Мәдина Қаби