Қоғам

Тайынша ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналып 18 баспана салынып жатыр

Тайынша ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған 18 баспана салынуда. Маңызды іске 200 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Ғимаратты жергілікті серіктестік тұрғызды. Қазір олар ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысуда. Яғни, тұрғындар үшін ақ түйенің қарны жарылар күн алыс емес.

АНДРЕЙ ЛЫСКИН, Тайынша аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

— Екіқабатты баспананың жалпы ауданы 920 шаршы метрді құрайды. Серіктестік ғимаратты өз қаржысына тұрғызды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін үйлерді әкімдік сатып алады. Кейін “Отбасы банк” арқылы жанұяларға береміз. Баспана жыл соңына дейін қолданысқа тапсырылуы тиіс.

 

Нұрасыл Ахмет