Құқық қорғау органдары

Көпбалалы ішкіш ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Embeds for YouTube: No video/playlist ID has been supplied

https://www.youtube.com/watch?v=6db5rL6w0c8[/youtube]

Бұл – қаладағы Байболов көшесіндегі көпқабатты баспана. 5 бала тәрбиелеп отырған мына ата-ана маскүнемдер есебінде тұр. Өкінішке қарай, ерлі-зайыпты тағы да ащы суға сылқия тойып алыпты. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жасөспірімдерді уақытша әжесіне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша әкімшілік материал дайындалып жатыр. Құжат алдағы уақытта комиссияға жолданып, әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады.

ӘСЕЛ ІЛИЯСОВА, қалалық ПБ тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бөлімшесінің бастығы:

— Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” науқаны аясында есепте тұрған жанұяларды аралаймыз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Себебі, ата-аналар ащы суға тойып алып, балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Салдарынан жеткіншектер түрлі ауруға шалдығуы да ғажап емес.

Полицейлер ерлі-зайыптыларды бірден ата-ана құқығынан айырмайды. Алдымен ескерту береді, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Оған құлақ аспаса ғана шара қолданады.

ЕЛЕНА ЗАВЬЯЛОВА, қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы:

— Жыл басынан бері комиссия аталған мәселе бойынша 30-ға жуық отырыс өткізді. Петропавлда барлығы – 164 қолайсыз отбасы бар. Өкінішке қарай, жағымсыз көрсеткіш жыл сайын өсіп жатыр.

Елена Завьялованың сөзінше, ерлі-зайыптылардың ата-ана құқығын қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Мәселен, биыл 5 қолайсыз отбасы түзелу жолына түскен.

 

Нұрасыл Ахмет