Балалар

Кибербуллинг адамның психологиялық денсаулығына зиян келтіреді – мамандар

Адамның ар-намысына тию, қорлық көрсету сынды әрекеттердің барлығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жатады. Ал қазіргі заманда оның қатарына кибербуллингті де қосуға болады. Бұл – көбінесе онлайн-кеңістіктерде кездесетін құбылыс. Яғни әлеуметтік желіде белгілі бір адам өзге тұлғаның абыройын айрандай төгеді немесе жеке ақпаратын қолға түсіріп алып, қоқан-лоқы жасайды. Салдарынан адамның психологиялық денсаулығына зиян келеді. Мәселе “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” науқаны аясында белсенді жастардың қатысуымен өткен жиында талқыланды.

ҚЫМБАТ ИГІЛІК, ерікті:

Менің басымда мұндай жайт орын алмады, бірақ таныс адамдарым мұндай зорлық-зомбылыққа ұшыраған болатын. Менің ойымша, өзіңе төніп тұрған қатерден қашпай, қасыңдағы үлкендерден көмек сұрау керек.

ӘСИЯ ӘБЖАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

Жыл басынан бері облыста зорлық-зомбылық фактісі бойынша 69 қылмыс тіркелді. Негізгі факторлардың бірі – жұмыссыздық пен ащы суға тәуелділік. Оның салдары отбасылық жанжалға әкеледі. Жақынына зәбір көрсеткен 2 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды.

 

Ақтолқын Солтанханқызы