Шал ақын ауданында соққысы жойқын жігіттер сайысты. Ысқақ Ыбыраев ауылында “Жілік жару” бойынша облыстық ашық турнир ұйымдастырылды. Білектілер жарысына жергілікті және Есіл мен Ғабит Мүсірепов ауданынан келген азаматтар қатысты. 30-дан аса жерлесіміз 21 жілікті қайта-қайта соққылап, ең мықтыны анықтады. Жеңімпаз – Ысқақ Ыбыраев ауылының тұрғыны Жанболат Шайынов. Ол жұмыр жұдырығымен 4 жілікті ырқына көндірді. Қанжығасын ақшалай жүлдемен майлады.