Спорт

Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Әлем кубогының 3 дүркін жеңімпазы атанды

Италиядан ақжолтай хабар жетті! Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірім арасында өткен Әлем кубогының үш дүркін жеңімпазы атанды. Жаһандық жарыс Миланда қарашаның 27-сі мен 30-ы күндері өтті. Онда дүниежүзінің “Сен тұр, мен атайын” дейтін кіл мықтылары бақ сынады. Ел қоржынына алтын жаудырған жерлесіміз 1000, 1500, 3000 метр қашықтықта басқаларынан оқ бойы озық болды. Бұл толағай табыстың арқасында теріскейлік спортшы Олимпиадаға жолдама алуы мүмкін.