Құқық қорғау органдары

Петропавлда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді күштердің саптық түгендеуі өтті

Жыл басынан бері өңірде 500-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 50-ге жуық адам қаза тауып, 700-ге тарта адам жарақат алды. Осыған байланысты бүгін облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың қатысуымен жолдағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шығатын кешенді күштердің саптық түгендеуі өтті. Жиын барысында Айдын Қабдұлдинов өңірімізде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай күрделі екенін атап өтті. Сол себепті, барлық қызметкерлерге жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуді талап етті.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

—”Біздің міндетіміз – хаттама толтырып, айыппұл салу емес, біздің міндетіміз – ескерту және адам өмірін сақтау. Жұмыс жасаған уақытта азамттармен мәдениетті қарым-қатынас жасауды талап етемін. Сонымен қатар, сенімді сауатты және заңды түрде атқаруды сұраймын”.

Бұдан кейін Айдын Қабдұлдинов “Оңтүстік” бақылау бекетінің жұмысын байқады. Сонымен қатар, жүргізушілерді өзі тоқтатып, құжаттарының дұрыстығын тексерді. Өңірдегі жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі темір тұлпарды мас күйде тізгіндеу себебінен орын алып жатады. Биыл мұндай мыңнан астам жүргізуші анықталды.

 

Ұлан Ыдырыс