Құқық қорғау органдары

Биыл Петропавлда қылмыс азайған

Биыл Петропавлда 2 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға аз. Оның ішінде адам өлтіру, алаяқтық, бұзақылық фактілері кеміген. Бірақ қоғамдық тәртіп бойынша әлі де жоғары көрсеткіштер сақталуда.

ҚАЙЫРБЕК БАЙМОНКЕНОВ, қалалық ПБ бастығының орынбасары:

— ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша 5429 құқықбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, араққа сылқия тойып алып, қоғамдық жерлерде бүлік шығарған 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды.

ҚАЙЫРБЕК БАЙМОНКЕНОВ, қалалық ПБ бастығының орынбасары:

— Алкогольді заңсыз өткізуге қарсы күрес аясында 463-бап бойынша қазіргі таңда 230 адамды жауапкершілікке тарттық.

Жалпы алғанда, облыс орталығында ауыр қылмыс түрлерінің төмендеу үрдісі байқалып отыр.

 

Ұлан Ыдырыс