Қоғам

Балаларды теріс әрекеттерден қорғау – ізгілікке тәрбиелеу

“Салауатты сана” – өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден қорғауға арналған республикалық жоба. Басты мақсаты- өскелен ұрпақты зиянды әрекеттерден алшақтату. Осы орайда өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, СҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы:

— Бүгін “Салауатты сана” жобасындағы 5 кесел бойынша: нашақорлық, ойынқұмарлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг сынды әлеуметтік мәселелерді талқылаймыз. Осы бағыт бойынша аудандарымызда, қаламызда көптеген жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда аймақта ҚХА Аналар кеңесінің 55 ұйымы жұмыс істейді. Құрамында 500-ден аса адам бар. Ағымдағы жылы олардың қатысуымен 200-ге жуық ақпараттық және тәрбиелік кездесу ұйымдастырылыпты. Бұл шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды зиянды әдеттерден сақтауға бағытталған нақты қадамдарды қамтиды.

СВЕТЛАНА ЗАЙЦЕВА, СҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі:

— Біз балалармен кездесулер ұйымдастырып, түрлі ойындар мен қызықты шаралар өткіземіз. Бұл арқылы оларды ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеп, зиянды заттардан аулақ болуға үйретеміз.

Жиын барысында мектепте арнайы сабақтар мен спорттық және шығармашылық іс-шаралар мен ата-аналарға тренингтер ұйымдастыру қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды.

 

Жангельді Жамалиев