Экология

Экологтар “Севказэнерго” кәсіпорнының жұмысын саралады

Облыста қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың 70 пайызы “Севказэнерго” АҚ-ға тиесілі. Норма бойынша бұл ұйымнан экологияға бөлінетін қалдық көлемі 38 мың тоннадан аспауы керек. Әзірге көрсеткіштен асу жайты тіркелмепті.

АСХАТ МӘПЕНОВ, СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:

— Қазіргі таңда «Севказэнерго» АҚ 21,8 мың тонна зиянды зат бөлген. Есептеулерге сәйкес, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 28 мың тоннаға жетеді. Яғни, бекітілген лимиттен 10 мың тоннаға аз.

Демек, қоршаған ортаға алаңдамаса болады. Бірақ, табиғатқа деген жауапкершілік әрқашан болуы тиіс. Жасыл желекті, өзен-көлдерді күтпесек, зардап тигіземіз.

НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, “Севказэнерго” АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы:

— 2025 жылы “Севказэнерго” Экология министрлігі және Энергетика министрлігімен бірлесіп, жаңа жобаларды іске асырып жатыр. Оның ішінде 2-ші жылу электр орталығындағы құрылғыларды ауыстыруды көздеп отырмыз. Нәтижесінде ауаға бөлінетін лас заттардың көлемі 4,5-4,7 тоннаға азайуы тиіс.

Сонымен қатар, кәсіпорын мамандары биыл 4 мыңнан астам ағаш отырғызып, Белое көліне 100 мың майшабақ жіберуді жоспарлап отыр.

 

Ұлан Ыдырыс