Руслан Қапаров – өз өмірін шекара қызметіне арнаған жандардың бірі. 1994 жылы ҚР ҰҚК академиясын тәмамдаған. Кейін түрлі лауазымда қызмет атқарып, 2000 жылы өз еркімен отставкаға кетті. Бірақ, жұмысын ұстаз болып жалғастырамын деп шешім қабылдаған. Себебі, келер ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуді парызы санайды. Бүгінде педагог өзінің жинаған тәжірибесін әріптестерімен бөлісуде. Руслан Қапаровтың бұл бастамасына ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің ұжымы зор қолдау көрсетеді. Ер азаматтың игі жұмысы жемісін беріп жатыр. Себебі, Қызылжар ауданының көптеген жастары болашақ мамандықтары ретінде әскери қызметті таңдауда.
РУСЛАН ҚАПАРОВ, Қызылжар ауданы білім бөлімінің әдіскері:
— Өткен жылы менің оқушыларымның бірі Шекара қызметі академиясына оқуға түсті, қазір – 1-ші курста. Оның артынан өсіп, ер жетіп келе жатқан жастарымыз да бар. Олар болашақта әскери академиялардың біріне оқуға түсуді жоспарлап отыр. Еңбегім жемісін беріп жатыр. Бұл – мен үшін зор бақыт.
Ұлан Ыдырыс