СҚО әкімдігі

СҚО делегациясы Қытайда 7 ірі компаниямен меморандумға отырды

Қытай Халық Республикасында Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының ресми сапары өтіп жатыр. Бұл сапар өңірдің Қытайдың жетекші корпорацияларымен экономикалық әрі ғылыми-техникалық ынтымақтастығын нығайтудың маңызды кезеңі болды. Аспанасты елінде мемлекеттік және жеке компаниялармен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап арасында ынтымақтастық жөніндегі 7 стратегиялық меморандумға қол қойылды. Тараптар ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, ғылым мен білім, өңдеу өнеркәсібі және басқа да салалардағы жаңа бірлескен жобаларды талқылады.