СҚО-да 2 мыңға тарта оқушы жедел респираторлық-вирустық инфекцияға шалдыққан. Өкінішке қарай, статистика күн сайын өсіп жатыр. Осыған байланысты 292 сынып, дәлірек айтсақ, 2 мың 800-ден астам бала қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Оның 80 пайызы – қала мектептерінде білім алатын ұл-қыздар. Қалғаны Айыртау, Тимирязев, Қызылжар, Тайынша және М.Жұмабаев аудандарынан. Оқу үрдісі цифрлық платформалар арқылы жүргізілуде. Айта кету керек, білім басқармасы бекіткен талап бар. Егер сыныптағы оқушылардың 30 пайызы вирус жұқтырса, бірден үйден білім алуға көшіріледі.