Ауыл шаруашылығы

Аудандық элеватор 77 мың тонна астық қабылдаған

Аққайың ауданының орталығында орналасқан “Элеватор Смирновский” серіктестігінде әлі қызу жұмыс жүріп жатыр. Мұнда биыл 77 мың тонна астық қабылдапты. Жас өнімді кептіру, сақтау, тексеру және саудаға шығару – басты міндет. Қазір құнарлы алқаптардан жиналып, мамандардың бақылауынан өткен алтын дән жоспар бойынша сатылуда. Бұл тұрғыда алаңдатарлық мәселе жоқ. Элеватордың жалпы сыйымдылығы 100 мың тоннаны құрайды. Мұнда қайта жаңғырту жұмыстарына басымдық берілген.

АБАЙ САҒЫНОВ, “Элеватор Смирновский” ЖШС бас инженері, Аққайың ауданы:

— “Элеватор Смирновский” серіктестігі 2020 жылы құрылды. Сол жылдан бастап қайта жаңғырту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Астық төгілетін шұңқырларды ретке келтірдік, аумаққа асфальт төседік. Нысанның ішінде де біраз оң өзгеріс орын алды. Жаңадан құрал-жабдықтар орнатылды.