МТРА жаңалықтары

Желілік полиция қызметкерлері рейд жүргізді

Өңірімізде “Учаске” жедел-профилактикалық жұмыстары жүргізілуде. Оның басты мақсаты – теміржол маңында құқықбұзушылықтардың алдын алу.

ӘДІЛ МҰРАТОВ, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

— “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілуіне байланысты атқарылатын кезекшілік саны артты. Нәтижесінде әкімшілік құқбұзушылықтар анықталып жатыр. Бірақ, ең бастысы – факті тіркеу емес, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Жыл басынан бері теміржол төңірегінде қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан 1 адамды поезд қағу фактісі анықталды.

ӘДІЛ МҰРАТОВ, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

— Бұл факт Жұмысшы кентінде тіркелді. Ер адам оқиға орнында тіл тартпай қайтыс болған. Анықталғандай, оның тұрғылықты мекен жайы болмаған.

Бүгін тәртіп сақшылары қайғылы оқиға орын алған аумақтағы тұрғын үйлерді аралап, адамдарға жаднама таратты әрі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып шықты. Жалпы, бұл іс-шара аясында тәртіп сақшылары 2 мыңға жуық аула аралап, мыңнан астам тұрғынға жаднама берді.

 

Ұлан Ыдырыс